Мадияр Әшкеевтің келесі қарсыласы белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Мадияр Әшкеевтің келесі қарсыласы белгілі болды
Фото ©️ vk.com

Қазақ кәсіпқой боксшысы Мадияр Әшкеевтің келесі қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы боксшының "вконтакте" желісіндегі ресми парақшасы хабарлады.

БӨЛІСУ

Мадияр Әшкеев келесі кездесуін 34 жастағы америкалық боксшы Шон Кэмеронға қарсы өткізеді. 2012 жылы кәсіпқой боксқа келген Кэмерон 12 кездесу өткізіп, 10 жекпе-жекте жеңіске жетіп (оның 5 нокаутпен жеңген), тек соңғы өткізген екі кездесуінде жеңілген.

Ал отандасымыз өз мансабында өткізген жеті кездесуде де жеңіске жетті (3 нокаутпен). Соңғы кездесуінде Мадияр 23 жастағы америкалық Маркус Бекфордты 6-раундқа жоспарланған жекпе-жекте ұпай айырмасымен ұтты. 

Кездесу 15 сәуірде АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Коннектикутте болады. Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Мадияр Әшкеев әуесқой бокста "Astana Arlans" сапында бақ сынады. Кәсіпқой бокстағы мансабын 2015 жылы бастады. "Main Events" промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен жекпе-жектерге қатысып келеді. АҚШ-тың Калифорния штатында жаттығады.