3 минутта камбэк жасаған "Реал Мадрид" Чемпиондар лигасының финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
3 минутта камбэк жасаған "Реал Мадрид" Чемпиондар лигасының финалына шықты

Футболдан Чемпиондар лигасының финалына шыққан екінші команда анықталды. "Реал Мадрид" қарымта ойында "Баварияны" 2:1 есебімен ұтты. 

БӨЛІСУ

"Корольдік клуб" мюнхендік команда қарсы ойында камбэк жасады. 68-минутта Альфонсо Дэвис гол соғып, "Баварияны" алға шығарған. Алайда ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда "Реал Мадрид" есепті теңестіріп қана қоймай, жеңіске жетер жолды да тауып кетті. Алаңға шыққан Хоселу алдымен Мануэль Нойердің қателігін ұтымды пайдаланса, 91-минутта жеңіс голын соқты. Осылайша дубль жасап, Карло Анчелотти командасын финалға алып шықты. 

Бір апта бұрын Мюнхенде өткен ойында 2:2 есебі тіркелген болатын. 

Финалда "Реал Мадрид" Дортмундтың "Боруссия" клубымен кездеседі. Маусымның шешуші ойыны 30 мамыр күні "Уэмбли" стадионында өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!