"Боруссия Д" 11 жылдан кейін Чемпиондар лигасының финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
"Боруссия Д" 11 жылдан кейін Чемпиондар лигасының финалына шықты
Фото ©️ bvb09

Германияның "Боруссия Д" футбол клубы Чемпиондар лигасының финалына шықты. Эдин Терзич ұсынған команда жартылай финалда Францияның ПСЖ клубын жарыс жолынан шығарды. 

БӨЛІСУ

Парижде өткен қарымта ойында да дортмундтық команда жеңіске жетті. "Боруссияға" жеңіс сыйлаған голды 50-минутта Матс Хуммельс соқты. Ол бұрыштамадан асырылған допты баспен ұрып, Доннарума қорғаған қақпаның торында тулатты. 

"Боруссия Д" бір апта бұрын өткен ойында да 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. 

Финалға шыққан екінші команда ертең "Реал Мадрид" және "Бавария" кездесуінен кейін белгілі болады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!