Қазақстандық кәсіпқой боксшы 15 күнде екі жекпе-жек өткізеді

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық кәсіпқой боксшы 15 күнде екі жекпе-жек өткізеді
Фото ©️ vk.com

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Бахтияр Эюбов бар-жоғы 15 күннің ішінде екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Бахтияр Эюбов 7 қаңтар күні АҚШ-тың Мичиган штатында никарагуалық боксшы Элвин Переспен жұдырықтасады. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған. Қарсыласы осыған дейін кәсіпқой бокста 48 кездесу өткізген тәжірибелі боксшы. 28 рет жеңіске жетіп, оның 19-да қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп шыққан. 16 жекпе-жегіне жеңіліп, 4 кездесуінде тең түскен.

30 жастағы отандасымыз 15 күн ішіндегі екінші жекпе-жегін 22 қаңтарда өткізбек. Бұл туралы боксшының менеджері хабарлаған. Әзірге бұл жекпе-жектегі қарсыласы белгісіз.

Айта кетейік, Бахтияр Эюбов кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізді. Барлығында жеңіске жетіп келеді. Оның 10-да қарсыласын уақытынан бұрын ұтып шыққан. Соңғы рет тамыз айында шаршы алаңға шығып, америкалық Карим Мейфилдті ұпай айырмасымен ұтқан еді.