Андре Уорд Сергей Ковалевты төрешілер шешімімен жеңіп шықты (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Андре Уорд Сергей Ковалевты төрешілер шешімімен жеңіп шықты (видео)
Фото ©️ tengrinews.kz

Америкалық кәсіпқой боксшы Андре Уорд жартылай ауыр салмақта ресейлік Сергей Ковалевты жеңіп,  WBA Super, IBF және WBO чемпиондық атақтарын жеңіп алды.

БӨЛІСУ

Боксшылардың кездесуі 19 қарашада Лас-Вегаста "T-Mobile Arena" спорт аренасында өтті. 33 жастағы Ковалев жекпе-жектен екі миллион доллар алса, 32 жастағы Уорд бес миллион доллар алады. Екі боксшы үшін бұл рекордтық сома болып тұр. 

Лас-Вегаста "T-Mobile Arena" спорт аренасына жартылай ауыр салмақтағы екі мықтының жекпе-жегін тамашалауға қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің бапкері Абель Санчеспен бірге келді.

Кездесудің екінші минутында күтпеген жерден соққы жасаған Сергей Ковалев кәсіпқой бокс мансабында жеңіліп көрмеген америкалық Андре Уордты бірінші ногдаунға жіберді.  Жекпе-жекті жалғастыруға дайын екенін білдірген америкалық боксшы кейінгі раундтарда белсене түсті. Нәтижесінде қос боксшы 12 раунд бойы жұдырықтасып, өзара мықтыны анықтай алмады. Жеңімпаз боксшыны төрешілер анықтады. Олардың шешімі бойынша америкалық жеңіске жетті.

Сонымен қатар осы бокс кешінде 23 жастағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуінде жеңіске жетті.