Талдықорғанда ауыр атлетикадан ел чемпионаты басталды

О Сансызбай Корреспондент
Талдықорғанда ауыр атлетикадан ел чемпионаты басталды
Фото ©️ altaynews.kz

Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ел чемпионаты басталды. Осы жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстанның Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада өнер көрсететін құрама командасы жасақталатын болады.

БӨЛІСУ

«Жастар» спорт кешенінде өтетін ел чемпионатына 200-ден астам ауыр атлет қатысады. Олардың қатарында ұлттық құраманың кіл мықтылары да бар. Дода 7 маусымға дейін созылады.

Жарыс күн сайын сағат 11:00-де басталады. Тікелей эфирде «Қазақстан» және «KazSport» арналары көрсетеді.

Жарыс кестесі:

3 маусым

09.00-10.00 - салмақ өлшеу. 56 келі (ерлер)

11.00-13.00 - жарыстың басталуы. 56 келі (ерлер)

13.00-14.00 - салмақ өлшеу, 48 және 53 келі (әйелдер)

15.00-15.30 – жарыстың ашылу салтанаты

15.30-17.00 – жарыстың басталуы. 48 және 53 келі (әйелдер)

4 маусым

09.00-10.00 – салмақ өлшеу. 62 келі. (ерлер)

11.00-13.00 – жарыстың басталуы. 62 келі (ерлер)

13.00-14.00 - салмақ өлшеу. 58 және 63 келі. (әйелдер)

15.00-17.00 - жарыстың басталуы. 58 және 63 келі (әйелдер)

5 маусым

09.00-10.00 – салмақ өлшеу. 69 келі. (ерлер)

11.00-13.00 – жарыстың басталуы. 69 келі. (ерлер)

13.00-14.00 – салмақ өлшеу. 69, 75 және +75 келі. (әйелдер)

15.00-17.00 – жарыстың басталуы. 69, 75 және +75 келі. (әйелдер)

6 маусым

09.00-10.00 - салмақ өлшеу. 77 келі. (ерлер)

11.00-13.00 – жарыстың басталуы. 77 келі (ерлер)

13.00-14.00 – салмақ өлшеу. 85 келі (ерлер)

15.00-17.00 – жарыстың басталуы. 85 келі (ерлер)

7 маусым

09.00-10.00 – салмақ өлшеу. 94 келі (ерлер)

11.00-13.00 – жарыстың басталуы. 94 келі (ерлер)

13.00-14.00 – салмақ өлшеу 105 және + 105 келі (ерлер)

15.00-17.00 – жарыстың басталуы 105 және + 105 келі (ерлер)

17.00 – Жаттықтырушылардың қорытынды жиналысы