Шыңғысхан Тәжібай кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді

О Сансызбай Корреспондент
Шыңғысхан Тәжібай кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Шыңғысхан Тәжібай спорттық мансабындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ол АҚШ астанасы Вашингтонда өткен бокс кешінде жергілікті боксшы Райрус Дадлиді жеңді.

БӨЛІСУ

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін 23 жастағы Шыңғысхан Тәжібай мен Райрус Дадли арасындағы жекпе-жек 4 раундқа жоспарланған болатын. Төрт раундқа шыдас берген боксшылар арасындағы жеңімпаз төрешілер шешімі бойынша анықталды. Төрешілер отандасымызды жеңімпаз ретінде таныды.

Айта кетейік, Шыңғысхан Тәжібай кәсіпқой бокстағы мансабын 2015 жылы бастаған болатын. Шілде айында Брэд Сустадты бірінші раундта, тамыз айында Колеман Фелпсті екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.