«Қайрат» Еременко кубогының финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
«Қайрат» Еременко кубогының финалына шықты
Фото ©️ vesti.kz

Футзалдан Алматы қаласында өтіп жатқан халықаралық Еременко кубогы турнирінде финалға шықты. Қазақстандық клуб жартылай финалда Ресейдің «Синара» клубын ойсырата жеңді.

БӨЛІСУ

Жартылай финалда «Қайрат» қарсыластарының қақпасына 7 бірдей допты тоғытты. Гол авторлары – Серік Жаманқұлов, Михаил Першин, Эвертон және Игорь ойында покер авторы атанса, ресейлік команда үш доппен жауап қатты. 

Қазақстандық клуб финалда Ресейдің «Тюмень» клубымен кездеседі. Ал «Астана-Тұлпар» үшінші орын үшін «Синараға» қарсы ойнайтын болады. Ойындар ертең өтеді.