Руслан Мырсатаев кәсіпқой бокстағы қадамын жеңіспен бастады

О Сансызбай Корреспондент
Руслан Мырсатаев кәсіпқой бокстағы қадамын жеңіспен бастады
Фото ©️ vesti.kz

Қазақстандық боксшы Руслан Мырсатаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады. Отандасымыз Алматыда өткен бокс жекпе-жегінің басты кездесуінде ресейлік Валерий Замираловты техникалық нокаутпен жеңді.

БӨЛІСУ

Аса ауыр салмақта қолғап түйістірген боксшылардың жекпе-жегі тартысты өтті. Ресейлік боксшы Русланды алғаш раундтардан бастап тықсырып, жеңіске жетуді көздеген еді. Десе де намысқа тырысқан қазақстандық боксшы қарсыласына қарсы сәтті шабуылдар ұйымдастырып, соққыларын дарыта білді. Нәтижесінде аяғынан жарақат алған Валерий Замиралов жекпе-жекті жалғастыра алған жоқ. Руслан кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуін техникалық нокаутпен бастады.

Алматыда өткен жекпе-жекте Русланнан өзге де қазақстандық боксшылар шаршы алаңға шықты. Кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегіне шыққан Айдос Ербосынұлы да ресейлік Дмитрий Антиповты бірінші раундта нокаутпен жеңді.