«Барыс» жеңісті жолын жалғай алмады (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» жеңісті жолын жалғай алмады (видео)
Фото ©️ vk.com

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын «Барыстың» бес ойынға созылған жеңісті жолы жалғаспады. Андрей Назаров шәкірттері Ярославльде «Локомотив» клубына 4:1 есебімен есе жіберді.

БӨЛІСУ

Бірінші кезеңде қос ұжым есеп аша алмай, тең тарқасты. Екінші кезеңде мұз айдын иелері Сергей Коньковтың соққан шайбасының нәтижесінде алға шықты. Үщінші кезең аса тартысты өтіп, 3 шайба соғылды. Оның екеуі «Барыс» қақпасына енсе, қазақстандық клуб сапынан бір шайбаны Брэндон Боченский соқты. Нәтижесінде 4:1 есебімен жеңіске жеткен «Локомотив» құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне шықты.

«Барыс» келесі ойынын 17 қаңтар күні Астанада өткізеді. Қазақстандық клубтың қарсыласы – Нижний Новгородтың «Торпедо» клубы.