Қазақстандық дзюдошы халықаралық турнир алтыны үшін белдесті

Manas Корреспондент
Қазақстандық дзюдошы халықаралық турнир алтыны үшін белдесті
Фото ©️ instagram.com/kaz_judoteam

Тәжікстан астанасы Душанбедеде өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Мағжан Шамшадин жүлде жеңіп алды. 

БӨЛІСУ

60 келі салмақта белдесетін Мағжан финалға дейін жетіп, ақтық айқаста татами иесі Мұхаммедсалех Куватовпен күресті. Алайда алтын үшін белдесуде қазақ балуаны "ипон" әдісіне түсіп қалды. Осылайша, ол жарыстың күміс жүлдегері атанып отыр, алтын тәжікстандық балуанға бұйырды. 

Айта кетейік, бұл Мағжанның ұзақ үзілістен кейінгі өнер көрсетуі. Шамшидин былтырғы қарашадан бері жарақатына байланысты татамиге шыққан жоқ. Былтырдан бері жарақатына байланысты қазақстандық спортшы жарыстарға шыққан емес.