Өзбекстандық боксшы жеңілісін мойындау орнына қазақстандықты итеріп қалды

Manas Корреспондент
Өзбекстандық боксшы жеңілісін мойындау орнына қазақстандықты итеріп қалды
Фото ©️ instagram.com/boxingkazakhstan

80 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мадияр Бексұлтанов Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына өтті, деп жазады Vesti.kz.

БӨЛІСУ

Жартылай финалдық айқаста Мадияр өзбекстандық Жавохир Мехриддиновты жеңді, қазақ боксшы қарсыласын бірініш раундта нокдаунға түсірген болатын.

Үшінші раунд аяқталысымен төрешілер шемімі шыққанан кейін Бексұлтанов өзбек боксшының қолын алмақ болады, бірақ Мехриддинов қол алысу орнына Мадиярды кеудесінен итеріп жіберді. Мадияр мұндай ерсілікке таңданғанымен, арандатуға ерген жоқ.