Алматыдағы Қысқы Универсиада келешекте өтетін Универсиадаларға үлгі болады

О Сансызбай Корреспондент
Алматыдағы Қысқы Универсиада келешекте өтетін Универсиадаларға үлгі болады
Фото ©️ Рауан Оқас

Алматыдағы Қысқы Универсиада келешекте өтетін Универсиадаларға үлгі бола алады. Қазақстанға іс-сапармен келген FISU Халықаралық студенттер спорты федерациясының өкілдерінің ойы осы.  Олар 2017 жылғы Қысқы Универсиаданың дайындығымен танысты. 

БӨЛІСУ

- Біз бұл оқиғаны біраз жылдан бері күтіп жүрміз. Алматыға 2011 жылы Универсиада өткізу құқығын берген кезден бастап. Біз Алматыда өтетін Универсиада болашақта басқа Универсиадаларға үлгі болады деген ойдамыз", - деді  FISU бас хатшысы Эрик Сэйнтронд Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева, Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбекпен кездесуінде. «Ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Дариға Назарбаевмен кездесуімізде біздер ең өзекті мәселелерді талқыладық. Вице-премьер өз тарапынан Универсиадаға ықылас танытып,  қолдап жатқаны қуантады",- деді Эрик Сэйнтронд.

FISU өкілдері  Алматы қаласының əкімімен кездесуінде информациялық технологиялар мен телеөнімдер жайлы мəселелерді талқылады. «Алматы əкімшілігіне қарасты дирекцияда жалынды жастардан құралған мықты топ қалыптасыпты. Олармен жұмыс істеуге құлшынып отырмыз  Біз бірлесіп, үлкен қарқында жұмыс істегеніміз абзал. Өйткені жарысқа дейін бір жылдан астам уақыт қана қалды», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік Алматыдағы Универсиада ойындары 2017 жылдың 28 қаңтары мен 8-ші ақпан аралығында өтеді.

Жолдаған: Рауан Оқас