«Барыстың» жеңісті жолы жалғаспады

О Сансызбай Корреспондент
«Барыстың» жеңісті жолы жалғаспады
Фото ©️ vk.com

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын «Барыстың» төрт ойынға созылған жеңісті жолы жалғаспады. Андрей Назаров шәкірттері Хабаровскіде «Амурге» 3:2 есебімен есе жіберді.

БӨЛІСУ

Бірінші кезең мұз айдын иелерінің жеңісімен басталды. Ойыншыларының артықтығын пайдаланған «Амур» ойыншылары Денис Толпеконың соққан голының нәтижесінде алға озды. Екінші кезеңде Брендон Боченский таразы басын теңестіргенмен, 29 минутта Вячеслав Литовченко командасын қайта алға шығарды. Ал үшінші кезеңі басында Вячеслав Усенин таблодағы нәтижені 3:1-ге жеткізді. 47 минутта Найджел Доус есепті қысқартқанмен, ойын аяқталғанша нәтижені теңестіре алмады. Қорытындысында «Барыстың» төрт ойынға созылған жеңіс ойындары жалғаспады.

«Барыс» келесі ойынын сырт алаңда 10 желтоқсан күні «Авангардқа» қарсы өткізеді.