Ерлан Қожағапанов «Астана» ПКСК президенті болып тағайындалды

О Сансызбай Корреспондент
 Ерлан Қожағапанов «Астана» ПКСК президенті болып тағайындалды
Фото ©️ sports.kz

Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының тізгінін де ұстады. Бұл туралы «Астана» ПКСК баспасөз қызметі хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

«Астана» Президенттік кәсіби спорт клубын осыған дейін Владимир Смирнов басқарып келген еді. Он айдай уақыт жұмыс жасаған даңқты шаңғышы отбасылық жағдайына байланысты қызметінен өз еркімен кеткен-ді. Бүгін өткен клуб кеңесінің отырысында бұл қызметке Ерлан Қожағапанов тағайындалды.

Айта кетейік, Ерлан Қожағапанов қазіргі таңда Қазақстан футбол федерациясының президенті. Бұл қызметке 2014 жылдың желтоқсан айында тағайындалған еді. Сондай-ақ қазір «Халықаралық Астана әуежайы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін де атқарып жүр. Алдағы уақытта Ерлан Қожағапонов үш қызметті де қатар алып жүретін болады.