Диего Форлан Ұлттық құрамадан кететін болды

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
Диего Форлан Ұлттық құрамадан кететін болды

Уругвай құрамасының ойыншысы Диего Форлан Ұлттық құрамадағы спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.

БӨЛІСУ

Өмірінің бір бөлігін Ұлттық құрама сапында өткізген ойыншы бұндай шешім қабылдау қиынға соққанын айтады. 

"Менің командадан кететін уақытым келді. Себебі, команда алдында маңызды кездесулер тұр. Атап айтар болсам, Оңтүстік Америка кубогы, 2018 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңдері, тағы сол сияқты нәрселер. Енді өз орнымды болашағынан үлкен үміт күттіретін жастарға бермекпін", – дейді ол.

Ұлттық құрама сапында 112 ойын өткізіп, 36 голдың авторы атанған уругвайлық футболшы өз мансабында үш мәрте Әлем чемпионатының ойындарына қатысқан екен.

35 жастағы шабуылшы қазір Жапонияның «Сересо Осако» командасының намысын қорғап жүр. Форланның футболдағы мансабына қашан нүкте қойылатыны әлі белгісіз.

Сурет:abendblatt.de

Оқи отырыңыз:

Дэвид Бекхэм қайырымдылық қорын құрды

Алаңда жаураған бала Силвадан сыйлық алды

Месси «instagram» желісінде 10 миллион жазылушы жинады