«Арландар» «Аргентина қырандарын» тас-талқан етті

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
«Арландар» «Аргентина қырандарын» тас-талқан етті

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) «В» тобында бақ сынап жатқан қазақстандық "Astana Arlans" "Аргентина қырандары" клубын айқын басымдықпен жеңді.

БӨЛІСУ

Алматыда өткен кездесу 5:0 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Команда сапында Азамат Исақұлов (52 келіге дейінгі салмақ дәрежесі), Роман Щегринов (60 келіге дейін), Данияр Елеусінов (69 келіге дейін), хорват легионерлері Хрвое Сеп (81 келіге дейін) және Филипп Хргович (91 келіден жоғары) сынды бокшыларымыз шаршы алаңға шығып, бәрі де қарсыластарынан басым түсті.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір апта бұрын Марат Жақиев шәкірттері Қарағандыда Пуэрто-Рикадан келген ««Puerto Rico Hurricanes» клубын ойсырата жеңген болатын. Алты кездесуде де жеңіске жеткен қазақстандық клуб топта 18 ұпаймен көш бастап тұр.

"Astana Arlans" және "Argentina Condors" командалары арасындағы кездесудің нақты нәтижесі:

Азамат Исақұлов – Рикардо Ибарра – 3:0 (50:44, 50:44, 50:44)

Роман Щегринов – Брайан Нуньес – 3:0 (50:45, 50:45, 49:46)

Данияр Елеусінов – Луис Верон – 3:0 (50:45, 49:46, 50:45)

Хрвое Сеп – Хосуе Оливера – 3:0 (49:46, 50:45, 49:46)

Филип Хргович – Карлос Ортега – TKO (R2, 1:59)

Сурет: vk.com/astana.arlans