Зарина Диас Дубайдағы турнирді аяқтады

О Сансызбай Корреспондент
Зарина Диас Дубайдағы турнирді аяқтады

Қазақстандық теннисші Зарина Диас «Dubai Tennis Championship» халықаралық турнирін үшінші айналымда аяқтады. Отандасымыз ширек финалға берілер жолдамада ресейлік Екатерина Макаровадан жеңіліп қалды.

БӨЛІСУ

Ресейлік теннисші WTA рейтингінде тоғызыншы орында орналасқан. Осыған дейін Зарина оныншы орында тұрған Андреа Петковичті жеңген еді. Бірақ, Екатеринаға шамасы жетпеді. 1 сағат 44 минутқа созылған ойында қазақстандық теннисші қарсыласына 3:6, 4:6 нәтижелерімен есе жіберді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы «Dubai Tennis Championship» турнирі қорытындысы бойынша 105 рейтингтік ұпай және 26 мың АҚШ долларын иеленді. Зарина алдағы уақытта Малайзия ашық чемпионатына қатысатын болады.

Сурет: vk.com

Оқи отырыңыз:

Зарина Диас үшжылдық үзілістен кейін ұлттық құрамаға оралды

Зарина Диас: "Олимпиадаға Қазақстан атынан қатысу – мен үшін үлкен мақтаныш болар еді"

Зарина «Australian Open» турнирін аяқтады

Зарина Диас WTA рейтингінде ондыққа енген теннисшіні жеңді