Шахмат федерациясы шарасыз күйде

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
Шахмат федерациясы шарасыз күйде

Бірінші ақпаннан бастап еліміздің шахмат федерациясы өз жұмысын тоқтатты. Әлемдегі және еліміздегі экономикалық тұрақсыздықтың әсерінен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры спорттың бұл түріне демеушілік жасаудан бас тартқан.

БӨЛІСУ

Соның салдарынан ел ішіндегі шахмат жарысынан болатын турнирлердің барлығы уақытша кейінге қалдырылып отыр. Сондай-ақ, үлкен жарыстарға қатысып жүрген спортшылардың да әлемдік дәрежедегі турнирлері мен жаттығуларға қатысуға кері әсерін тигізіп отыр. Оларға берілетін стипендиялар мен жүлделі қаржы да бұдан былай берілмейтін болды.

Енді-енді ел ішінде сұранысқа ие болып келе жатқан бұл ойынның жағдайы қалай болары белгісіз. Әзірге ақ пен қара жолақты түстерден құрастырылған ойынның басына қара бұлт төніп тұр.

Сурет: Copypast.ru