Суарес уругвайлық ауруханаға жаңажылдық сыйлықтар жөнелтті

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Суарес уругвайлық ауруханаға жаңажылдық сыйлықтар жөнелтті

"Барселона" командасының шабуылшысы Луис Суарес келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне орай кішкентай отандастарына арнап сыйлық жасады. Футболшы Монтевидео ауруханасында емделіп жатқан кішкентай балаларға 500-ден астам жаңажылдық сыйлық тарту етті.

БӨЛІСУ

Уругвайлық футболшы әр сыйлықтың сыртына: "сізге және сіздің жақындарыңызға жаңа 2015 жыл жаңа бақыт алып келсін! Луис Суарес және оның отбасы", - деп жаздырған көрінеді.

Уругвайлық "El Observador" басылымының жазуы бойынша, Суарас емделуші балаларға сыйлықтарды табыстауды Санта-Клаусқа сеніп тапсырған екен.

Бұл - футболшының кішкентай балаларға деген риясыз көңілі болса керек.

Сурет: sentragoal.gr