Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды

О Сансызбай Корреспондент
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды

Жаңа ғана Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды. Бұл сында «Ақтөбені» айналып өткен бухаресттік «Стяуа» Болгарияның «Лудогорец» командасымен кездесетін болды.

БӨЛІСУ

Ал жаңа ғана УЕФА шешімімен плей-офф кезеңіне жолдама алған шотландиялық «Селтик» словениялық «Мариборға» қарсылас атанды.

Чемпиондар жолы

«Марибор» (Словения) – «Селтик» (Шотландия)

«Зальцбург» (Австрия) – «Мальме» (Швеция)

«Ольборг» (Дания) – «Апоэль» (Кипр)

«Стяуа» (Румыния) – «Лудогорец» (Болгария)

«Слован» (Словакия) - «Батэ» (Беларуссия)

Лига өкілдері жолы

«Бешикташ» (Түркия) – «Арсенал» (Англия)

«Стандард» (Бельгия) – «Зенит» (Ресей)

«Копенгаген» (Дания) – «Байер» (Германия)

«Лилль» (Франция) – «Порту» (Португалия)

«Наполи» (Италия) – «Атлетик» (Испания)

Топтық кезеңге шығу үшін өтетін командалар арасындағы алғашқы кездесулер 19-20 тамыз күндері өтсе, қарымта кездесулер 26-27 тамызға жоспарланған. Ал санаулы минуттардан кейін Еуропа лигасының жеребесі тартылады. Ел намысын қорғайтын «Астана» мен «Ақтөбенің» қарсыластарын анықтайтын боламыз.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com