«Қайрат», «Астана» және «Шахтер» қарсыластары белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
«Қайрат», «Астана» және «Шахтер» қарсыластары белгілі болды

Футболдан Еуропа лигасында ел намысын қорғайтын клубтардың қарсыластары белгілі болды. Осыған дейін Чемпиондар лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастайтын «Ақтөбенің» қарсыласы анықталған-ды.

БӨЛІСУ

Өткен маусымда қазақ футболының тарихында алғаш рет еурокубок додаларының топтық кезеңіне шыққан қарағандылық «Шахтер» армениялық «Ширакпен» кездесетін болды. Алматылық «Қайраттың» қарсыласы албаниялық «Кукеси» болса, «Астананың» жолы тағы бір армяндық клуб «Пюникпен» түйісті.

Еуропа лигасын бірінші іріктеу кезеңінен бастайтын қазақстандық клубтар алғашқы кездесулерін 3 шілде күні, қарымта кездесулерін 10 шілдеде өткізеді. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz