«Ақтөбенің» алғашқы қарсыласы анықталды

О Сансызбай Корреспондент
«Ақтөбенің» алғашқы қарсыласы анықталды

Жаңа ғана Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасының бірінші және екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Еуропадағы байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын «Ақтөбенің» алғашқы қарсыласы анықталды.

БӨЛІСУ

Чемпиондар лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастайтын қазақстандық клубтың қарсыласы болып Грузияның «Динамо» командасы танылды. Алғашқы кездесу 15/16 шілдеде Тбилисидегі «Динамо-Арена» стадионында өтсе, қарымта кездесу араға бір апта сала Ақтөбеде өтеді.

Алғашқы іріктеу кезеңінде кездесетін командалар:

"Санта-Колома" (Андорра) - "Бананц" (Армения)

Линкольн" (Гибралтар) - ХБ "Торсхавн" (Фарер аралдары)

"Ла Фиорита" (Сан-Марино) - "Левадия" (Эстония)

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: diapazon.kz