«Арландар» құрамында боксшылар тағы алмасты

О Сансызбай Корреспондент
«Арландар» құрамында боксшылар тағы алмасты

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) төртінші маусымы аясындағы жартылай финалда "Арландар" мен "Баку оттары" клубы арасындағы алғашқы кездесуге шығатын қазақстандық команда қатарынан тағы да боксшылар алмасты. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Жерлестеріміз әзірбайжандық командаға қарсы құрамын 16 сәуір күні жариялаған еді. Алайда араға бірнеше күн  сала бастапқыда қосалқы құрамға енгізілген Бағдат Әлімбеков пен Сергей Деревянченко шаршы алаңға шығатын болып шешілді. Алғашқысы 56 келі салмақта Мәди Шолақовты, ал украиналық легионер 75 келі салмақта Ерік Әлжановты алмастырды. Бүгін 49 келіде шаршы алаңға шығады деп күтілген Мардан Берікбаевтың орнына Теміртас Жүсіпов шығатыны белгілі болса, 64 келіде өнер көрсетеді деп күтілген Жәнібек Әжібайдың орнына Асхат Уәлиханов жұдырықтасатын болды. Осылайша қазақстандық клуб жариялаған бастапқы құрамнан ауыспаған 91 келідегі Василий Левит қана қалды.

Естеріңізге сала кетсек, "Astana Arlans" топтық кезеңде өз тобынан екінші орын алып, ширек финалға өткен болатын. Әзірбайжандық клубпен топтық кезеңде бір өнер көрсетіп, Алматыдағы өткен алғашқы кездесуде 4:1 есебімен жеңсе, түзде дәл сондай есеп айырмасымен «Арландар» есе жіберген-ді. Алғашқы кездесу Астанадағы «Сарыарқа» велотрек кешенінде өтеді. 26 сәуір күнгі сағат 20:00-де басталатын кездесудің билеттері 1000 теңгеден сатылуда. Қарымта кездесу 3 мамырға жоспарланған. Өткен маусымның чемпиондық атағын қорғайтын жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com