«Тобыл» тізгінін ұстайтын бапкер белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
«Тобыл» тізгінін ұстайтын бапкер белгілі болды

Қостанайдың «Тобыл» футбол клубының тізгінін Армения ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Вардан Минасян ұстайтын болды. Клуб пен бапкер арасындағы келісімшарт мерзімі ертең белгілі болады.

БӨЛІСУ

Вардан Минасян Армения ұлттық құрамасын 2012 жылғы Еуропа чемпионаты мен 2014 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кездесулерге бастап шықты. Еревандық «Пюник» командасын баптап, үш жыл қатарынан ел чемпионы атандырды. Сонымен қатар, Арменияда төрт рет жылдың үздік бапкері атанған. Осыған дейін армениялық маман «Астана» және «Ақтөбе» клубтарының бас бапкері атануы мүмкін деген де ақпараттар тараған болатын. Ұлттық құрама тізгінін ұстауға да үміткерлердің бірі еді. Аталған қызметтерге келмеген Вардан Минасян қостанайлық командамен ертең келісімшартқа қол қояды.

Естеріңізге сала кетсек, «Тобыл» командасын жаңа маусымға Сергей Масленов дайындаған болатын. Алты турдан кейінгі клуб нәтижесі төмен болғандықтан, бас бапкер қызметінен босатылған-ды. Ал сенбі күні алматылық «Қайратқа» қарсы ойнаған команда 2:2 есебімен тең ойнады.

Осы орайда, VII турдың өзге кездесулерінің де нәтижелерін ұсына кетейік. Бұл турдағы кездесулер нағыз тартысты, әрі нәтижелі болды. Барлығы 26 гол соғылды. Өткен турда 18 гол соғылған-ды. Қақтығыстар мен «қызыл қағаздардың» көп болуымен де есте қалды. Сонымен қатар 3:4, 3:3 және 2:2  деген нәтижелер маусымда алғаш рет тіркелді...


«Ертіс» (Павлодар) 3 – 4 «Астана» (Астана)

Голдар: Джудович, 16 (1:0). Нөсербаев, 18 (1:1). Бакаев, 28 (2:1). Бакаев, 45-пенальтиден (3:1). Курдов, 45+1 (3:2). Курдов, 56 (3:3). Курдов, 75 (3:4).
Алаңнан қуылғандар: Бакаев, 68 – Аничич, 45.

"Шахтёр" (Қарағанды) 3 1 "Ордабасы" (Шымкент)
Голдар: Байжанов, 7 (1:0). Саломов, 20 (2:0). Вичюс, 46 (3:0). Төлебек, 90 (3:1).

"Ақтөбе" 3 0 "Қайсар" (Қызылорда)
Голдар: Гейнрих, 45+1 (1:0). Неко, 49 (2:0). Мирошниченко, 90+4 (3:0).

"Тараз" 3 3 "Атырау"
Голдар: Эссаме, 30 (0:1). Досмағамбетов, 56 (1:1). Нсереко, 60 (1:2). Тілешев, 68 (2:2). Эссаме, 88 (2:3). Голич, 90 (3:3).
Алаңнан қуылғандар: Голич, 90. Уббинк, 90+3 – Карпович 90+3.

"Тобыл" (Қостанай) 2  – 2 "Қайрат" (Алматы)
Голдар: Сиссей, 27 (0:1). Кнежевич, 43 (0:2). Богданов, 69 (1:2). Красич, 73 (2:2).

"Спартак" (Семей) 1 1 "Жетісу" (Талдықорған)
Голдар: Тәтішев, 5 (0:1). Ковачевич, 68 (1:1).

Үздік сұрмергендер:

1. Эдин Юнузович («Ордабасы) – 4 гол

2. Атанас Курдов («Астана») – 3 гол

3. Сергей Шафф («Атырау») – 3 гол

4. Душан Савич («Қайсар») – 3 гол

5. Шавкат Саломов («Шахтер») – 3 гол

 Командалар  Ойын   Жеңіс  Тең  Жеңіліс Голдар  Ұпай 
1  Астана 7 5 2 0 8-3 17
2  Шахтер 7 5 1 1 14-5 16
3  Ақтөбе 7 4 2 1 10-2 14
4  Атырау 7 3 3 1 7-6 12
5  Ордабасы 7 3 0 4 6-7 9
6  Жетісу 7 2 3 2 5-4 9
7  Қайрат 7 2 2 3 6-6 8
8  Ертіс 7 2 2 3 8-9 8
9  Қайсар 7 2 2 3 6-8 8
10  Тобыл 7 1 3 3 5-10 6
11  Тараз 7 1 2 4 7-14 5
12  Спартак 7 0 2 5 3-11 2


Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:sport.news.am