2020 жылдың үздік футболшысы анықталды

Айбар Рысдәулет Корреспондент
2020 жылдың үздік футболшысы анықталды
Фото ©️ bavarianfootballworks.com

World Football Summit және AS басылымы 2020 жылдың үздік футболшысын анықтады. Дауыс беруге арнайы қазылар мен басылымның оқырмандары қатысты.

БӨЛІСУ

Ең көп дауыс жинаған Польша құрамасы мен немістің "Бавария" командасының шабуылшысы Роберт Левандовски "жылдың үздік футболшысы" атанды. Ол "Бавариядағы" әріптесі Йозуа Киммих пен "Барселонаның" капитаны Лионель Мессиді шаң қаптырды. 

Биылғы маусымда Робер Левандовски "Бавария" сапында 11 матчқа қатысып, 13 гол соққан. Ал 2019/20 маусымында 47 матчта алаңға шыққан сұрмерген 55 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеп, 10 мәрте нәтижелі пас берген.