Шавкат Рахмонов салмағында UFC чемпиондығы үшін жекпе-жек белгіленді

Manas Корреспондент
Manas >
Шавкат Рахмонов салмағында UFC чемпиондығы үшін жекпе-жек белгіленді
Фото ©️ FightTime

UFC басшысы Дана Уайт жартылай орта салмақ чемпионы, британиялық Леон Эдвардс пен америкалық Белал Мухаммад арасындағы жекпе-жек өтетінін әлеуметік желі арқылы ресми құлақтандырды, деп жазады fight.ru.

БӨЛІСУ

Бұл жекпе-жек 28 шілде Манчестерде өтетін UFC 304 турнирінің басты жекпе-жегі болады.

Айта кетейік, Эдвардс пен Белал бұған дейін 2021 жылы октагонда кездескен, алайда ол жекпе-жек өтпеген болып саналды. Өйткені Эдвардс Белалдың көзіне абайсызда саусағын тығып алады, осыдан кейін америкалық файтер жекпе-жекті жалғастыра алмай қалған еді. 

Еске салайық, бұл айқас Шавкат Рахмонов өнер көрсететін жартылай орта салмақта өтеді. Бұл дивизион рейтингінде Белал екінші орында, ал Рахмонов үшінші. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!