Қанат Ислам АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Қанат Ислам АҚШ-та жекпе-жек өткізеді
Фото ©️ Massaget

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды. Бұл туралы BoxRec басылымы хабарлады.

БӨЛІСУ

Qazaq лақап атымен танымал боксшымыз 16 қазан күні шаршы алаңға шығады деп күтілуде. АҚШ-тың Плант-Сити қаласында Nelsons Promotion компаниясының ұйымдастыруымен бокс кеші өтеді. Әзірге Қанат Исламның қарсыласы кім болатыны белгісіз. 

Бұған дейін RingPolska басылымы Олимпиада ойындарының, Азия және Әлем чемпионаттарының жүлдегері болған Қанат Ислам екінші орта салмақта WBA чемпионы Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) пен WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) арасындағы жекпе-жек кешінде шаршы алаңға шығатыны, қарсыласы мексикалық Хайме Мунгия (34-0, 28 КО) болматынын жазған болатын

Естеріңізге сала кетейік, екі жыл бойы рингке шықпаған Қанат Ислам шаршы алаңдағы соңғы жекпе-жегін қазан айында өткізіп, намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілердің шешімімен ұтқан еді.