Махмұт Сабырханның інісі өзбекстандық боксшыны финалда екі рет нокдаунға түсірді

Manas Корреспондент
Махмұт Сабырханның інісі өзбекстандық боксшыны финалда екі рет нокдаунға түсірді
Фото ©️ ҚБФ

Бүгін, 6 мамырда Астанада өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты финалында Сабырхан Төрехан рингке шықты, деп жазады Vesti.kz.

БӨЛІСУ

67 келі салмақтағы шешуші айқаста Төрехан өзбекстандық Мухаммадазизбек Исмоиловты төрешілер шешімімен жеңді - 5:0 (28-25, 29-23, 28-25, 29-25, 28-25). Ал үшінші раундта қазақ боксшы қарсыласын екі рет есеңгіретті. 

Бұл қазақстандық жігіттердің құрама қоржынына салған екінші алтыны болды.