Жәнібек Әлімханұлы әлемдегі үздік 15 боксшы қатарына кірді

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Жәнібек Әлімханұлы әлемдегі үздік 15 боксшы қатарына кірді
Фото ©️ instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Қазақстандық  боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) канадалық Альберт Онолуносені (24-2-2, 8 КО) жеңгеннен соң WBC рейтингінде үздіктердің қатарына енді.

БӨЛІСУ

АҚШ-тың Фресно қаласындағы Chukchansi Park кешенінде өткен бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутпен жеңіп, WBC Continental America және WBO Global орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін сәтті қорғады. 

Осы жеңісінен соң қазақстандық боксшы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің рейтингінде үздік 15 былғары қолғап шеберінің қатарына кірді. Бұдан бөлек Жәнібек Әлімханұлы Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтингінде 15-ші сатыдан 13-ші орынға көтерілген болатын.

Сондай-ақ WBC жаңартылған рейтингінде Батыр Жүкембаев жартылай орта салмақта 12-ші, ал екінші орта салмақта жұдырықтасатын Әли Ахмедов 14-ші сатыға көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой мансабында өткізгене сегіз жекпе-жегінде де жеңіске жетсе, оның тең жартысын уақытынан бұрын аяқтаған.