Тарихи алтын: Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында алғаш рет Grand Slam турнирінде топ жарды

Мира Лұқпан Корреспондент
Тарихи алтын: Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында алғаш рет Grand Slam турнирінде топ жарды
Фото ©️ olympic.kz

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Ғалия Тынбаева Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде топ жарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Әйелдер арасында 48 келі салмақта өткен финалдық белдесуде Ғалия ресейлік Сабина Гилиязованы жеңді. Қазақстандық спортшы алдымен "ваззари", кейін "иппон" ұпайын алып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. 

Осылайша, Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет Grand Slam  додасының алтынын алып отыр. Ол турнирдің финалына өз мансабында алғаш рет шыққанын да айта кету керек. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!