Қорлан Жақанша – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Қорлан Жақанша – әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Фото ©️ olympic.kz

Бүгін Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионатының екінші күні өтті.

БӨЛІСУ

55 келә салмақта Қорлан Жақанша әлем чемпионатының финалына шықты. Ол жартылай финалда 2018 жылғы әлем чемпионы, әзірбайжандық Эльданиз Азизлиді жеңіп, финалға жолдама алды.  Өте тартысты өткен белдесуде қазақ балуаны 11:5 есебімен жеңіске жетті.

Финалдық жекпе-жектк Қорлан Жақанша грузиялық Нугзари Цурцумиямен кездесті. Алайда шешуші белдесуде қазақ балуаны қарсыласына 9:0 есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты. Осылайша жарыстың екінші күні ел қоржынына екінші жүлде түсті.

Бірінші медальді 63 кило салмақта белдескен Алмат Кебіспаев әуелді. Ол жартылай финалда өзінің байырғы қарсыласы, жапондық Ота Шинобуға есе жіберді. 2016 жылғы Рио Олимпиадасының 1/8 финалында Алмат тап осы балуаннан ұтылған болатын. 

Бірінші кезеңде Алмат 1:0 есебімен алда тұрған. Алайда, екінші кезеңде жапондық балуанның әдістері сәтті шығып, 10:1 есебімен жеңіске жетті. Қола үшін өткен кездесуде Алмат қырғызстандық Тынар Шаршенбековтен айласын асырды.