Триатлоннан V жазғы спартакиада Қарағанды облысында өтеді

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Триатлоннан V жазғы спартакиада Қарағанды облысында өтеді
Фото ©️ ұйымдастырушы

20-21 шілдеде Қарағанды облысында триатлоннан Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы өтеді.

БӨЛІСУ

Жарыс Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша комитетінің, "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің, Қарағанды облысы әкімдігінің, Қарағанды қаласы әкімдігінің және BI Group компаниясының қолдауымен өткізілмек. Қазақстандық Триатлон Федерациясы мен Қарағанды облыстық Триатлон Федерациясы ұйымдастыруда.

Жарыстың мақсаты - Қазақстанда триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау, қазақстандық кәсіби спортшылардың, бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру және үздік спортшыларды анықтау.

Қазақстан Республикасының триатлоннан V жазғы спартакиадасы аясында кәсіби спортшылар бірнеше қашықтықтарда сынға түсетін болады:

1) Elite санаты (18-23 жас аралығы), дисциплина – триатлон, қашықтық – "стандарт" (1500 м жүзу, 40 км веложарыс, 10 км жүгіру).
2) Elite санаты (13 жастан жоғары), дисциплина – аралас эстафета триатлон 2+2, дистанция – 250 жүзу, 6,6 веложарыс, 1,6 км жүгіру.

Республиканың түрлі аймақтарынан келген 150-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ қалың бұқараға триатлон мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Age Group санатындағы (әуесқойлар) спортшылар арасында ұйымдастырылатын "TEMIRADAM" Кубогінің VІІ кезеңі өтеді. Оған әр аймақтардан келген 130-ге жуық әуесқой спортшылар қатысады деп күтілуде.

Жарыс кестесі: 

Күні

Уақыты

Іс-шара

20 шілде

09.00 сағ.

Elite санатындағы жарыс басталуы - ерлер

09.05 сағ.

Elite санатындағы жарыс басталуы - әйелдер

11.45 сағ.

Elite санатындағы жеңімпаздарды марапаттау

21 шілде

9.00 сағ.

Elite санатындағы жарыс басталуы - эстафета

10.45 сағ.

Elite-эстафета санатындағы жеңімпаздарды марапаттау

11.30 сағ.

Age Group санатындағы жарыс басталуы

14.00 сағ.

Age Group санатындағы жеңімпаздарды марапаттау


Триатлон
– жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (International Triathlon Union) ережелерімен реттеледі.