Мемлекет басшысы жаңа Jekpe-jek cарайын ашты

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Мемлекет басшысы жаңа Jekpe-jek cарайын ашты
Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда жаңа Jekpe-jek cарайының ашылу салтанатына қатысты.

БӨЛІСУ

Бес мың жанкүйерге арналған заманауи спорт кешені ірі халықаралық турнирлер мен олимпиадалық және олимпиадалық санатқа енбейтін спорт түрлерінен жарыстарды қабылдауға шақталып салынған.

Салтанатты ашылу кезінде жауынгерлік жекпе-жек түрлерінің гала-концерті өтті. Фестивальді Кәрім Мәсімов басқаратын Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясы ұйымдастырды.

Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен фестиваль барысында жас спортшылар кәсіби жекпе-жек өнерінен қойылымдар көрсетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа спорт кешенінің жаттығу залдары мен инфрақұрылымын аралап көрді.

Жекпе-жек сарайы спортшыларды дайындауға, бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және спорттың басқа да түрлерінен сайыстар өткізуге арналған.