Ақмола облысында триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді

Massaget Корреспондент
Ақмола облысында триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді

6-7 шілдеде Ақмола облысы Бурабай ауылында республикалық біріншілік – триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.

БӨЛІСУ

Қазақстан Республикасының Чемпионаты – қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен триатлоннан өткізілетін ұлттық біріншілік.

Сайыс Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша комитетінің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің, Ақмола облысы әкімдігінің және BI Group компаниясының қолдауымен өткізілмек.

Сайыс ұйымдастырушысы: Ақмола облыстық Триатлон Федерациясы Қазақстандық Триатлон Федерациясы.

Ақпараттық қолдау: Спорт және дене шынықтыру істері бойынша комитеті, Tengrinews.kz, Weproject.

Сайыс мақсаты:

− Қазақстанда триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау;
− қазақстандық кәсіби спортшылардың, бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру;
− үздік спортшыларды анықтау.

Қазақстан Республикасы Чемпионаты аясында кәсіби спортшылар бірнеше дисциплина бойынша бірнеше қашықтықтарда сынға түсетін болады:

1) U19 санаты (16-19 жас аралығы), дисциплина – триатлон, қашықтық – "спринт" (750 м жүзу, 20 км веложарыс, 5 км жүгіру).
2) U23 санаты (18-23 жас аралығы), дисциплина – триатлон, қашықтық – "стандарт" (1500 м жүзу, 40 км веложарыс, 10 км жүгіру).
3) Elite санаты (16 жастан жоғары), дисциплина – кросс-кантри триатлон, қашықтық – "спринт" (500 м жүзу, 12 км веложарыс, 4 км жүзіру).

Республиканың түрлі аймақтарынан келген 100-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Триатлоннан "TEMIRADAM" Кубогінің VІ кезеңі – қалың бұқараға триатлон мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Age Group санатындағы (әуесқойлар) арасында өткізілетін ұлттық турнир. "Спринтерлік" қашықтықтағы әуесқойлар додасы үш кезеңнен құралатын болады: 750 м жүзу + 20 км веложарыс + 5 км жүгіру