Қазақстан студенттер құрамасы әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан студенттер құрамасы әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді
Фото ©️ vesti.kz

Алматыда ұйымдастырылған футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы финалда Ресейге 4:2 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

БӨЛІСУ

Ойынның алғашқы 10 минутында Ресей құрамасының шабуылы ширақ болды. Төрт гол соғып, есепте алға озды. Қақпаларына бір гол ғана өткізді. Оны Ақеділ Мадияров соқты.

Екінші таймда Қазақстан студенттер құрамасы ойын жүйесін өзгертіп, қақпашыны да ойната бастады. Шабуыл санын арттырды. Әйткенмен ресейлік қақпашы қырағылық танытып, командасын бірнеше сәтте голдан құтқарып қалды. Ойын аяқталар тұста алға шыққан қақпашымыз Алин Асылжан есепті қысқартқанмен, одан кейінгі уақыт таразы басын теңестіруге жеткілікті болған жоқ. 4:2 есебімен жеңіске жеткен Ресей құрамасы студенттер арасындағы әлем чемпионатында бесінші рет топ жарды.

Қазақстан құрамасы студенттер арасындағы әлем чемпионатының финалына алғаш рет шықты. Осыған дейінгі үздік көрсеткіші 6-орын болатын.

Қыздар арасында өткен финалда да Ресей студенттер құрамасы жеңіске жетті. Олар финалда Украина аруларын 2:0 есебімен ұтты.