Өзбекстанда туған қазақ боксшы қарсыласын бірінші раундта екі рет құлатты

Manas Корреспондент
Manas >
Өзбекстанда туған қазақ боксшы қарсыласын бірінші раундта екі рет құлатты
Фото ©️ Видеодан кадр

Қазақстандық боксшы Аман Қонысбеков Астанада басталған "Елорда кубогі" атты халықаралық турнирде өткізген бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. 

БӨЛІСУ

71 келі салмақта Аман өзге қазақстандық боксшы Азат Иманберліні бірінші раундта-ақ екі рет нокдаунға түсірді. 

Қонысбеков - Өзбекстанда дүниеге келген, алайда биыл ол Қазақстан атынан өнер көрсететін болып шешті. Аман Өзбекстанның былтырғы чемпионатында қола жүлдегер атанған.