"Барселона" бразилиялық футболшыны қатарларына қосты

О Сансызбай Корреспондент
"Барселона" бразилиялық футболшыны қатарларына қосты
Фото ©️ Yahoo Esportes

"Барселона" футбол клубы бразилиялық жартылай қорғаушы Артур Энрике Рамосты қатарларына қосты. Бұл туралы футболшы ойнап келген "Гремио" командасының ресми сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

21 жастағы ойыншының трансферлік құны 31 миллион еуроға бағаланған. Қосымша тағы 9 миллион еуро сыйақы ретінде қарастырылған. Футболшы мен клуб арасындағы келісімшарт 6 жылға жасалған.

Артур Энрике "Гремио" клубы сапында Бразилияның А сериясы мен Либертадорес жарысында 50 ойын өткізген. Екі гол соққан.

Айта кетейік, осыған дейін каталондық клуб бразилиялық футболшы Паулиньоны Қытайдың "Гуанчжоу Эвергранд" командасына уақытша ойнауға жіберген болатын.