Астанада "Қазақстан барысы" республикалық турнирі басталды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Астанада "Қазақстан барысы" республикалық турнирі басталды
Фото ©️ massaget.kz

Елордадағы  "Барыс Арена" спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" VIII Республикалық турнирі басталды. Биылғы балуандар бәсекесіне 37 балуан қатысуда.

БӨЛІСУ

Жеңімпаз атанған балуан 25 миллион теңге сыйақы иеленеді. Ал оның жаттықтырушысына 3,5 млн теңге тапсырылады. Сондай-ақ алтын белбеу мен алтыннан құйылған "тайтұяққа" ие болады.

Екінші және үшінші орынға сәйкесінше күміс және қола белбеу тапсырылмақ. Әр белдесудегі жеңіс үшін балуандарға 100 мың теңгеден берілмек. Сонымен қатар, үшінші орын алған балуанға 1,8 млн теңге, ал оның жаттықтырушысына 900 мың теңге табысталады. Ал екінші орын иегері 5,5 миллион теңге алады. Жаттықтырушысына 1,8 миллион теңге берілмек.

Айта кетейік, биылғы "Қазақстан барысы" Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылуда. Жарысты "Qazaqstan" және "Qazsport" арналары  тікелей эфирде көрсетуде.