"Astana Arlans"-тың жартылай финалдағы қарсыласы анықталды

О Сансызбай Корреспондент
"Astana Arlans"-тың жартылай финалдағы қарсыласы анықталды
Фото ©️ worldseriesboxing.com

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) бақ сынайтын "Astana Arlans" командасының жартылай финалдағы қарсыласы анықталды. Қазақстандық боксшылар Ұлыбританияның "British Lionhearts" командасымен кездеседі.

БӨЛІСУ

Команда боксшылары арасындағы алғашқы кездесулер 18-19 мамырда, қарымта жекпе-жектер 25-26 мамырда өтеді.

Қос команда боксшылары WSB жобасы аясында осыған дейін екі рет кездескен. 2016 жылы британдықтар басым болса, өткен жылы "Арландар" азуын батырған еді.

Жартылай финалдағы екінші жұпта "Cuba Domeodores" (Куба) командасы мен "France Fighting Roosters" (Франция) командалары кездеседі.

Командалар қос жекпе-жек қорытындысы бойынша тең болған жағдайда, 69 кг салмақта қосымша кездесу өтеді. Ал финалда тең болса, 64 кг салмақта қосымша жекпе-жек өтетін болады.