Ержан Залилов пен Димаш Ниязов кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілді

О Сансызбай Корреспондент
Ержан Залилов пен Димаш Ниязов кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілді
Фото ©️ коллаж

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Ержан Залилов пен Димаш Ниязов кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты.

БӨЛІСУ

Испанияның Бильбао қаласында өткен бокс кешінде Ержан румын боксшысы Ионут Балутодан жеңілді. 6 раундта қарсыласын нокаутқа да түсірген. Алайда жекпе-жек соңына дейін жалғасып (8 раунд), қарсыласы төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.

Ержан Залилов осыған дейін кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізіп, 10-де жеңіске жеткен еді. 1 кездесуінде қарсыласымен тең түскен.

Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязовтың кәсіпқой бокстағы 17-ші жекпе-жегі сәтсіз аяқталды. Нью-Йоркте өтіп жатқан бокс кешінде отандасымыз мексикалық боксшы Анхель Сарианнан жеңілді. Төрешілер  59-52, 59-53 және 58-54 есебімен қарсыласын жеңімпаз ретінде таныды.

Димаш та кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілді. Осыған дейінгі 13 жекпе-жегінде жеңіске жетіп, 3 кездесуінде қарсыласымен тең түскен.