Допты хоккейден ӘЧ: Бас бапкер Қазақстан құрамасының жеңілісі туралы пікір білдірді

Ақтоты Жапатова Корреспондент
Допты хоккейден ӘЧ: Бас бапкер Қазақстан құрамасының жеңілісі туралы пікір білдірді
Фото ©️ inform.kz

Бендиден Қазақстан құрамасының бас бапкері Ілияс Хандаев Хабаровскте өткен Әлем чемпионатында Финляндия құрамасымен кездесудегі жеңіліс туралы пікір білдірді.

БӨЛІСУ

«Ойынға келсек, бәрі айтылды. Егер мен мұнда еш эмоциясыз, бос кеуектей отырсам, балаларға одан да қиын, олардың да көңіл-күйі жоқ. Ойын нәтижесіне қарасақ, менің алғашқы қадамым сәтсіз болған секілді.  Командаға көңілім толады. Олар аз ғана уақытта жиналды. Біз команданы тактикалық схемалармен ғана емес, тұтас ұжым ретінде біріктіруге тырыстық", - деді І.Хандаев Хабаровскіде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, Қазақстанның ұлттық командасы бендиден (допты хоккей) 2018 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін кездесуде Финляндия құрамасынан 4:8 есебімен жеңілді.  

Дереккөз: inform.kz