"Барыс" Астанада "Юградан" да ұтылды

О Сансызбай Корреспондент
"Барыс" Астанада "Юградан" да ұтылды
Фото ©️ Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті ойында "Барыс" Астанада Ханты-Мансийскінің "Югра" клубынан ұтылды. Ойында қонақтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

"Югра" "Барыспен" өтетін ойын алдында ғана плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды. Әйтсе де команда ойыншылары жеңіске бастар жолды таба білді. Клубтың осы маусымдағы сәтсіздігі елордалық командаға қарсы кездесуде ойыншыларының жүйкесіне салмақ түсіре қоймады.

"Барыс" болса бірер күн бұрын ғана бас жаттықтырушысы Евгений Корешковты қызметінен босатқан болатын. Бүгінгі ойынға команданы Ғалым Мамбеталиев дайындап шықты.

Ойын басталысымен-ақ қонақтар есепте алға шықты. Ойыншы басымдығын ұтымды пайдаланған қонақтар шайба соқты. Бірінші кезең аяқталар тұста Сергей Кудрявцев қақпасынан тағы бір рет шайба алып шықты. Екінші кезеңде "Югра" "Барыс" қақпасына үшінші шайбаны соқты. Үш шайбаны да ойыншы басымдығында Александр Угольников соғып, хет-трик жасады.

"Барыс" үшінші кезеңде барып қана ес жиды. 42 минутта Роман Старченко елордалық команданың ойындағы бірінші шайбасын соқты. 56 минутта Линден Вей есепті қысқартты. Алайда ойын соңына дейін таразы басын теңестіре алмады.

"Барыс" Астанада өткізген алты ойында да ұтылды. Алда сырт алаңда төрт ойын өткізеді. 63 ұпаймен Шығыс конференцияда 10-орында келеді. Келесі ойынын 9 қаңтар күні Хабаровскіде "Амурға" қарсы өткізеді.

"Барыс" — "Югра" 2:3 (0:2, 0:1, 2:0)

Шайба соққандар:

0:1 — 02:39 Угольников (Пестушко). Ойыншы басымдығында
0:2 — 19:55 Угольников (Пестушко, Варфоломеев). Ойыншы басымдығында
0:3 — 26:38 Угольников (Пестушко). Ойыншы басымдығында
1:3 — 41:31 Старченко (Пушкарёв, Маклюков). Тең құрамда
2:3 — 55:14 Вей (Фрэттин, Доус). Ойыншы басымдығында

"Барыс": Кудрявцев — Савченко, Семёнов, Полохов, Рыспаев, Даллмэн, Диц, Липин, Орехов, Маклюков — Доус, Евдокимов, Райт, Вей, Акользин, Старченко, Маркелов, Фрэттин, Пушкарёв, Сагадеев, Шевченко;

"Югра": Проскуряков — Витасек, Шулаков, Журавлёв, Козловский, Угольников, Виклунд, Бурстрём, Погоришный — Булянский, Панов, Королёв, Михеев, Тимирёв, Майоров, Шэн, Полак, Варфоломеев, Грымзин, Пестушко, Комаристый.

Айып уақыты: 24:10 (8:0, 16:8, 0:2)

Төрешілер: Антон Кислов, Антон Лаврентьев

3 желтоқсан. Астана. "Барыс Арена" 5673 көрермен.