"Астана" футболшысы Африка құрлығының үздігі атануға үмітті

О Сансызбай Корреспондент
"Астана" футболшысы Африка құрлығының үздігі атануға үмітті
Фото ©️ Астана ФК

"Астана" футбол клубының шабуылшысы Джуниор Кабананга 2017 жылғы Африка құрлығының үздік футболшыларына үміткерлер тізіміне енді. "CAF Awards" марапаты жыл сайын табысталып келеді.

БӨЛІСУ

Биылғы Африка құрлығының үздік футболшысы 4 қаңтар күні белгілі болады. Салтанатты шара Гана елінің астанасы Аккра қаласында өтеді. 

Джуниор Кабанангадан бөлек бұл марапатқа 29 футболшы үмітті. Олардың қатарында Пьер-Эмерик Обамеянг ("Боруссия д", Габон), Венсан Абубакар ("Порту", Камерун), Седрик Бакамбу ("Вильярреал", Конго ДР) және Мохаммед Салах ("Ливепруль", Мысыр) секілді әлем футболының танымал жұлдыздары да бар.

Айта кетейік, Джуниор Кабананга бүгін "Астана" сапында Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында түзде "Маккаби" командасына қарсы ойынға қатысады.