"Astana Arlans" боксшысы кәсіпқой боксқа ауысты

О Сансызбай Корреспондент
"Astana Arlans" боксшысы кәсіпқой боксқа ауысты
Фото ©️ vesti.kz

Жартылай ауыр салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы Арман Рысбек кәсіпқой боксқа ауысты, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

БӨЛІСУ

26 жастағы боксшы Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) өткен маусымында "Astana Arlans" клубы сапында шаршы алаңға шығып, ел намысын қоғраған. Жалпы елордалық клуб сапында ол жеті кездесу өткізіп, оның бесеуінде жеңіске жетті.

- Ол әлі АҚШ-қа келмеді. Шамамен қараша айында келіп қалар. Маған бұл боксшымен жұмыс істеуге Бобыржан Момынов өтініш жасады. Жақсы боксшы секілді. Бірақ әлі біраз жұмыс істеу керек, - дейді менеджер Фархад Шарипов.

Оның айтуынша, қараша айында Арман Рысбек АҚШ жерінде жаттығу жұмыстарын бастап, бірден промоутермен келісімшарт жасауы мүмкін. Егер бірден келісімшарт жасаса, оның бірінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болады.