Иван Дычко кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді

О Сансызбай Корреспондент
Иван Дычко кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді
Фото ©️ kfb.kz

13 қазан күні 27 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко кәсіпқой бокстағы өзінің екінші кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

БӨЛІСУ

"Жекпе-жек Тампа қаласында өтеді. Кездесуге бір күн қалғанда боксшылар салмақ өлшейді", - дейді боксшының менеджері Зия Алиев.

Қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Родригес Кэйд болады. Ол кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне шығады. Шаршы алаңдағы кездесу төрт раунд болады деп жоспарлануда. Бокс кешін "All Stars" компаниясы ұйымдастырады.

Ұйымдастырушылар Тампа қаласында өтетін бокс кешін "Латын Америкасындағы нөмірі бірінші кеш" - дейді. Бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық боксшы Дэниэл Лосано (14-4, 11 КО) мен Рикардо Родригес (16-4, 5 КО) жұдырықтасады. Бұл аталған боксшылардың екінші кездесуі. WBC FECARBOX және WBO Latino белбеулері үшін өткен бірінші жекпе-жекте төрешілердің шешімі бойынша Родригес жеңіске жеткен. 

Жекпе-жек кешінің билеттері 25 доллар тұрады. Аталған шараның басты қонағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, америкалық талантты боксшы Теофимо Лопес (6-0, 5 КО) болады. 

Еске салайық, 27 жастағы қазақстандық боксшы Иван Дычко кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 29 қырүйек күні өткізіп, америкалық Эйбур Райтты (2-2, 1 КО) жеңген еді.