Қанат Ислам жекпе-жекті неге 12 раундқа созды?(видео)

О Сансызбай Корреспондент
Қанат Ислам жекпе-жекті неге 12 раундқа созды?(видео)
Фото ©️ vesti.kz

АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізіп, осыған дейін бос келген "WBO NABO" және "WBA Inter-Continental" чемпиондық белбеулерін иеленген отандасымыз Қанат Ислам қазақ еліне сәлем жолдады. Алғысын айтып, жекпе-жек нәтижесі жайлы ойымен бөлісті.

БӨЛІСУ

Қанаттың кездесудің бел ортасында қарсыласын нокаутпен жеңуіне қауқары жететіндей көрінген. Соңғы раундтарда мексикалық Норберто Гонсалес барын салды ма, әлде отандасымыз сылбыр қимылдай бастады ма, әйтеуір кездесу 12 раундқа созылды. Қазақ елі нокаут күткені анық. Бірақ жаттықтырушылар тапсырмасы бойынша «Qazaq» неғұрлым ұзағырақ жұдырықтасып, өзін келесі жекпе-жектерге дайындау керек болған.