Жомарт Ержан Хасанбой Дусматовты жеңе алмады

О Сансызбай Корреспондент
Жомарт Ержан Хасанбой Дусматовты жеңе алмады
Фото ©️ kfb.kz

Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында отандасымыз Жомарт Ержан өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовтан жеңілді. Жергілікті жанкүйерлердің алдында желпінген Олимпиада чемпионы айласын асырып кетті.

БӨЛІСУ

Ашық жұдырықтасуға тырысқан қазақстандық боксшы шаршы алаң иесін жеңе алмады. Алға ұмтыла түскенмен, қорғанысы мығым, шабуылы ширақ Хасанбой қателесе қойған жоқ. Оңтайы келгенде соққысын дарытумен болды. Жылдамдығымен де көзге түсті. Төрешілер бірауыздан Хасанбойды жеңімпаз ретінде таныды.

Жомарт Ержан Азия чемпионатында жарыс жолынан шыққан алғашқы қазақстандық боксшы. Осыған дейін Қайрат Ералиев пен Василий Левит жартылай финалға шыққан. Алдағы уақытта 7 бірдей боксшымыз шаршы алаңға шығады.  

Айта кетейік, Хасанбой Дусматов – қазіргі өзбек боксының мақтанышы. Рио Олимпиадасында чемпион атанды. Бэл Баркер кубогына ие болған тұңғыш өзбек боксшысы.