Қазақ боксшыларының барлығы Азия чемпионатының ширек финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Қазақ боксшыларының барлығы Азия чемпионатының ширек финалына шықты
Фото ©️ Данияр Майлыбаев

Қазақ боксшыларының барлығы Өзбекстан елінің астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалына шықты.

БӨЛІСУ

Бүгін таңғы уақыттағы жарыс кестесінде (сағат 12:00) екі боксшымыз шаршы алаңға көтеріледі. 56 келіге дейінгі салмақта Қайрат Ералиев жапон Риомей Танакамен жұдырықтасады. Ал 91 келіге дейінгі салмақта Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит өзбекстандық боксшы Санжар Тұрсыновпен шаршы алаңға шығатын болады.

Күндізгі жарыс кестесінде (сағат 15:00) төрт боксшымыз жартылай финалға шығу үшін шаршы алаңға шығатын болады.  

15:00 - Хасанбой Дусматов (Өзбекстан) - Ержан Жомарт (Қазақстан);
16:00 - Отгондалай Доржнямбуу (Моңғолия) - Әділет Құрметов (Қазақстан);
17:45 - Душан Сапарамаду (Шри-Ланка) - Бекдәулет Ибрагимов (Қазақстан);
18:30 - Әбілхан Аманқұл (Қазақстан) - Абдул Моуен Аззиз (Сирия).

Кешкі жарыс кестесінде (сағат 20:00) де төрт боксшымыз шаршы алаңға көтерілетін болады.

20:15 - Азамат Исақұлов (Қазақстан) - Абдул Салам Касим (Малайзия);
21:45 - Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) - Вей Лю (Қытай);
22:45 - Али Авайс Хан (Пәкістан) - Ерік Әлжанов (Қазақстан);
23:30 - Сатиш Кумар (Үндістан) - Қамшыбек Қоңкабаев (Қазақстан).

Айта кетейік, ширек финалдағы жекпе-жектерді "KazSport" арнасы тікелей эфирде көрсететін болады.