Руслан Мәдиевтің келесі қарсыласы белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Руслан Мәдиевтің келесі қарсыласы белгілі болды
Фото ©️ YouTube

Қазақ кәсіпқой боксшысы Руслан Мәдиев спорттық мансабындағы тоғызыншы жекпе-жегін 6 сәуір күні АҚШ-та өткізеді. Қарсыласы – америкалық боксшы Рикардо Мальдонадо.

БӨЛІСУ

Жекпе-жек Калифорния штатына қарасты Коста Меса қалашығында өтеді. Жеңіл салмақ дәрежесінде өтетін кездесу қанша раундқа жоспарланғаны әзірге белгісіз.

Рикардо Мальдонадо осыған дейін 14 жекпе-жек өткізген. Оның 7-де жеңіске жетіп, 6-да жеңілген. 1 кездесуінде тең түскен. Ал отандасымыз Руслан Мәдиев осыған дейін 8 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Руслан Мәдиев соңғы жекпе-жегін де осы Коста Меса қалашығында өткізген еді. Алты раундқа жоспарланған жекпе-жекте мексикалық боксшы Бальтазар Рамиресті ұпай айырмасымен жеңіп шыққан-ды.